Астана, ул. Күйші Дина, 17, БЦ Аурика, оф. 301

Бизнеске құқықтық қолдау

Сіздің сеніміңіз – біздің марапатымыз.

24 жыл

Кәсіпкерлерге құқықтық қолдау көрсетеміз. Біздің мақсат — мәселелерді шешу ғана емес, олардың алдын алу.

500+

Күрделі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.

80%

Клиенттер бізге риза болған серіктестер мен таныстардың ұсынысы арқылы жүгінеді.

Golden Lex

Серик Достыгалиев

24 жылдық тәжірибесі бар адвокатпын, компаниямыздың әрбір қызмет бағыты бойынша мамандар командасымен жұмыс істеймін. Сіздің сұрауыңызға сәйкес бизнеске заңды әрі қолайлы шешімдер ұсынамыз.

  • Қолжетімділік пен ашықтық – қызметіңіздің қай кезеңде тұрғаны туралы әрдайым хабардар боласыз. Қамқорлық және сапа қызметі сізді үнемі ақпараттандырып отырады.
  • Нақтылық пен түсініктілік – жағдайыңызды шешудің мүмкін нұсқаларын құрылымды түрде, кезең-кезеңімен түсіндіреміз.
  • Төлемнің ашық схемасы – кеңес беруден кейін сіз әрі қарайғы әрекеттер стратегиясын және мәселеңізді шешудің нақты құнын аласыз.

Шарттар мен лицензиялар алудан бастап, компанияларды кең мүмкіндіктері бар халықаралық экономикалық алаңдарға енгізуге дейін

Жылжымайтын мүлік және жалға беру: жалдау және өзге де жылжымайтын мүлік шарттарын дайындау мен талдау, меншік құқықтары мен жер пайдалану мәселелерін шешу

Салық құқығы: салық салу бойынша консультациялар, салықтық тәуекелдерді азайту, сондай-ақ салық органдары алдында клиенттің мүддесін қорғау

Коммерциялық даулар және арбитраж: соттарда, арбитражда және төрелік соттарда клиенттің мүддесін білдіру, сондай-ақ дауларды баламалы жолмен шешу

Қосылу және жұтылу (M&A): құжаттаманы дайындау, бизнесті құқықтық талдау, компанияларды сатып алу-сату және бірігу мәмілелерін құқықтық сүйемелдеу

Комплаенс және реттеуші мәселелер: ішкі бақылау жүйесін әзірлеу және енгізу, заңнама мен нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету

Компанияны тіркеу және құрылымдау: меншік нысанын оңтайлы таңдау (ЖШС, АҚ және т.б.) және заңнама талаптарына сәйкес компанияны тіркеу

Корпоративтік құқық: құрылтай құжаттарын дайындау, корпоративтік рәсімдерді өткізу, оның ішінде қатысушылар (акционерлер) жиналыстары мен хаттамаларды жасау

Шарттық құқық: жеткізушілермен, клиенттермен, серіктестермен, жалға берушілермен және басқа тараптармен жасалатын шарттарды дайындау, талдау және келісу

Зияткерлік меншікті қорғау: тауар белгілерін, авторлық құқықтарды, патенттерді тіркеу, сондай-ақ құпия ақпарат пен коммерциялық құпияларды қорғау

Еңбек құқығы: еңбек шарттарын жасау, компанияның ішкі ережелерін әзірлеу, еңбек даулары бойынша консультациялар және еңбек қақтығыстарын реттеу

Бизнесті кешенді құқықтық сүйемелдеу: абоненттік қызмет көрсету – консультациялар, құжаттарды тексеру және келіссөздерді жүргізу үшін ай сайынғы тұрақты төлем. Құқықтық қорытындылар дайындау – бизнестің күрделі мәселелері бойынша жазбаша заңгерлік пікір.

Қарыздарды өндіріп алу және дебиторлық берешекпен жұмыс: талап қоюға дейінгі жұмыс, борышкерлермен келіссөздер және қарыздарды сот тәртібімен өндіру

Біз қалай жұмыс істейміз

(1)

Кеңес беру – шешімге алғашқы қадамыңыз

Бізге офиске келесіз, онда сізді тәжірибелі заңгер күтеді, ол жағдайыңызды тыңдап, сұрақтарға жауап береді және шешім стратегиясын ұсынады. Міндеттемелер жоқ – тек дұрыс талдау және шешу жолдары.

(2)

Бағаны анықтау және келісімшарт жасау

Ашықтық – біздің қағидатымыз. Біз жұмыстың көлемін, бағасын және мерзімін егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Шарттарды келісуден кейін ресми келісімшартқа қол қоямыз – бұл жұмыстың нәтижелі болатынына кепілдік.

(3)

Іс-әрекетті тар маманға беру – жеке тәсіл

Сіздің сұрағыңыз нақты проблемамен айналысатын заңгерге жіберіледі. Бұл талдаудың тереңдігін, шешімдердің дәлдігін және кәсібиліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Сіз әрқашан кімнің істеп жатқанын білесіз.

(4)

Тұрақты байланыс – апталық есептер және сізге қамқорлық

Біз тек жұмыс істемейміз – біз сізді хабардар етеміз. Әр апта сайын сізге орындалған жұмыстың есебі келеді. Уайымдаудың қажеті жоқ – біз әр қадамды өзіміз түсіндіреміз. Сіздің сенімділігіңіз бен тыныштығыңыз – біздің басымдылығымыз.

Жиі көрсетілетін қызметтер

(ЖК, Электрондық қолтаңба, Компания мен директорға банк шоты, Қажет болса РК уақытша тұру рұқсаты)

ИИН жоқ ЕАЭО азаматына арналған ЖК (ИИН, ЖК, Электрондық қолтаңба, Компания мен директорға банк шоты, Қажет болса уақытша тұру рұқсаты)

(C-5 визасын қоса есептегенде)

(Құжаттарды қазақ тіліне аудару және аудармашының қолтаңбасын нотариалды куәландыру қоса алғанда)

БСН туралы толығырақ сілтемеде

(КҚҚ және басқа салықтардан босату)

(КҚҚ және басқа салықтардан босату)

Бізге сенеді

(5)

Серіктестеріміз

Біз әлемдегі жетекші компаниялармен серіктестікпен жұмыс істегенімізге мақтанамыз. Төменде әр түрлі елдердегі негізгі серіктестеріміз көрсетілген.

Халықаралық нарыққа шығқыңыз келе ме?

Егер сіздің компанияңыз осы елдерде бизнес ашуды жоспарлап отырса, бізге хабарласа аласыз. «Golden Lex» командасы сізді халықаралық нарыққа шығуға көмектеседі және сенімді компаниялармен байланыстырады. Халықаралық нарыққа алғашқы қадамдарыңыз – бізбен бірге!

Беларусь Республикасы, Минск және Гродно қалалары

Қытай Халық Республикасы, Цзянсу провинциясы, Нанкин қаласы

Қытай Халық Республикасы, Тяньцзинь қаласы

Қытай Халық Республикасы, Хэнань провинциясы, Чжэнчжоу қаласы

Бейне пікірлер

БАЙЛАНЫС

© Авторские права Golden Lex - Все права защищены